Отбасы мерекесі күніне орай Ақтөбе Астана әкімі А.Көпенов мырзадан, А.Байтұрсынұлы атындағы 24 лингвистикалық мектеп гимназиясының қолдауымен бүгін мақтау Алғыс хатына ие болдық❤️
Сіздерге көп көп рахмет! Алла сыйласын❤️
Аллаға сансыз шүкір 

Мерейлі отбасы 2023 ж 1-ші орынға ие болған Кабижановтар отбасындағы Марат атадан жүрек жарды ақ тілектерімен,қазақтың асыл қазынасы-домбыраның тиегін сыйға тартып,теңдесі жоқ асыл сөз-батасын алдық !
Үлгі тұтатын отбасылар,үлгі алатын үлкендеріміз көп болсын, аман болсын
15.09.23

1

А. Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп- гимназия педагогтарды бос немесе уақытша бос лауазымға үміткерлерді тағайындау бойынша ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 жылғы №568 бұйрығының 3 тарауы, 108 тармақшасына сәйкес конкурс өткізілді. Конкурс шешімі бойынша педагогтардың бос немесе уақытша бос лауазымына төмендегідей мамандар қабылданды.

✅️Математика пәні мұғалім -Қайыржанұлы Кәрімжан. (уақытша)

✅️Ағылшын тілі пәні мұғалімі - Төлеуова Малика Сапарғалиқызы (уақытша)

✅️МАД мұғалімі- Карабалаева Махаббат Джангабековна ( уақытша)

Бүгін мектеп-гимназияда Тіл мерекесіне және Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай жоспарланған іс-шаралар тізбегіне сәйкес мұғалімдер арасында "Ұлт ұстазының ұлы жолымен..."атты интеллектуалды ойталқы ұйымдастырылды.
-Ұстаздықтың ұлы көшін бастаған Ахмет Байтұрсынұлының мол мұрасын тану- оның атын иеленген мектеп-гимназиядағы әр ұстаздың басты міндеті.
-Сондықтан да айтулы мерекеде іс-шаралар тек оқушыларға ғана емес,ұстаздарға да жоспарланған болатын.
-Кеш барысында қатысушы мұғалімдер Ахаңның өмірі мен мұрасын қаншалықты білетіндіктері тұрғысынан додаға түсіп,әрі қарай ғалымның өсиет еткен нақыл сөздері мен бүгінгі қоғамдағы көкейкесті мәселелер яғни ана тілі,тарих,ұлтжандылық, оқу-ағарту ісі,білім мен ғылым,ұрпақ тәрбиесі төңірегінде өз пікірлерін ортаға салып, келелі ойларын білдірді.
- Ұстаздар қауымы қай кезеңде де өздерінің ұлт ,тіл жанашыры, Ахаң ізін жалғаушы ізбасарлары мен аманатын жүзеге асырушы екендіктеріне тағы да бір көз жеткізді.

1

Дыбыстың теріп сөз ғып, буған гүлін.
Қайырған қайдағыны жүйрік ең сен,
Мен тосып, құтыла алмас қусам білім, - деп ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы жырлағандай, тарихы терең, қасиет тұнған баба тіліміздің төл мерекесіне  орай жоспарланған  үшкүндік бағдарламаға сәйкес 8-кластар арасында «Тіл тазалығы -  ұлт қасиетінің нағыз белгісі» атты білім бәйгесі ұйымдастырылды.

Қазақстан халқы тілдері күніне орай қыркүйек айының 5-і күні “ Тіл-ұлттың тұмары” атты қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің үшкүндік бағдарламасы дайындалды.
⚡️ Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн - “Ұлттың сақталуына да жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаты - тіл” деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы
Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

Бүгін Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалы мен А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясы арасында әріптестік байланысты дамыту, ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ресми түрде меморандум жасалды.

✅Меморандумға сәйкес ұстаздардың тәжірибесі, оның ішінде инновациялық педагогикалық методикаларды енгізу әдісі облыстың барлық жалпы білім беру мекемелеріне таратылатын болады.

?Меморандум аясында тың идеяларға, жаңашыл педагогтерге ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қолдау көрсетілетіндігі екі тарапқа қуаныш пен серпін берді.

Сурабалдинова Гульсим Алжановна 1957 жылы 24 желтоқсанда Талдықорған облысы Гвардия ауданы Чкалов ауылында дүниеге келген.
1965 жылы Қаракемер ауданындағы мектепке 1-класқа барып,                     1975 жылы бітірген.
1975 жылы Алматы шет тілдері педагогикалық институтының шет тілдер факультетіне түсіп, 1980 жылы француз-неміс тілдері пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Еңбек жолын 1982 жылы Қоғам орта мектебінде неміс тілі пәні мұғалімі ретінде бастаған.1984-1994 жылдар аралығында  Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой орта мектебінде неміс  тілі пәні мұғалімі, 1994-2001 жылдар аралағында №36 қазақ орта мектебінде француз тілі пәні мұғалімі болып қызмет атқарған.
1998 жылы өз білім жетілдіру мақсатында Париж қаласындағы жоғарғы оқу орнында  2 айлық курстан өткен.
2001-2002 облыстық саңырау балаларға арналған арнаулы мектеп-  интернатында тәрбиеші қызметін атқарған. 2002 жылдан бастап                                 №24 лингвистикалық мектеп- гимназияда француз тілі пәні мұғалімі болып жұмыс жасады.Аталған уақыт аралығында шәкірттерінің сүйікті ұстазына айналып,әріптестерінің ақылшысы,сырласы болды.  Зайыбы Теміржан ағай екеуі 4 бала,6 немере тәрбиелеп өсірген.
Гүлсім Алжановна ұстаздық еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, қалалық, облыстық пәндік олимпиадаларда француз тілі пәні бойынша оқушылары  бірнеше жыл қатарынан жүлделі орындарды иеленіп, мектеп-гимназия  абыройын көтерген шығармашыл, ұлағатты ұстаз болды. 2015 жылы желтоқсан айында зейнеткерлікке шықты.Гүлсім Алжановна 2018 жылы 15 қыркүйекте ұзаққа созылған ауыр науқастан қайтыс болды.

1 1 1 1

1978 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогика институтын химия, биология мамандығы бойынша бітірген. Бірнеше еңбек жолының баспалдағынан өткен. Жас маман еңбек жолын Қарабұтақ ауданы Т.Г.Шевченко атындағы мектепте химия- биология пәндері мұғалімі болып бастаған.

27 қыркүйек күні облыстық жастар ресурстық орталық басшысының орынбасары Заманай Қайнарұлының @kainar.zamanai және Ақтөбе қаласының білім бөлімінің әдестемелік меңгерушісі Серік Аманжолұлының @jassarbaz_04 қатысуымен Жасөспірімдер арасында әскери- патриоттық спартакиадасының жеңімпаздарын, болашақ жас сарбаздар марапатталынды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы #2 Жарлығымен бекітілген *"Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым "* сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 77 тармағына сәйкес ағымдағы жаңа оқу жылынан бастап 1-4 сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ ұйымдастыру тапсырмасы беріліп, облыстық мәслихатының 28.04.2023жылғы #13 шешіміне сәйкес “А.Байтұрсынұлы атындағы ЛМГ” 4 қыркүйектен бастап 1-4 кластардың 575 оқушы және 5-11 кластардың жекеленген әлеуметтік арнайы санаттағы оқушылар ыстық тегін тамақпен қамтылды.