Биыл Халық қаһарманы С.Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл және Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылуына 35 жыл толды. Осыған орай «Ауған асуында от кешкендер» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді. ?Қазақ жауынгерлерінің асқан ерлігі мен әскери жанқиярлық әрекеттері ауған жерінде жүргізілген қаһарлы соғыс тарихында жарқын беттерге айналды. Сол қаһарман жерлестеріміз Иманкулов Амангельды мен Кенжегарин Руслан ағаларымыз мектеп-гимназияда қонақта болды.